Бірыңғай байланыс-орталық: 8-7172-47-29-14 / 8-771-083-85-40 Facebook Instagram
Скрыть
img-for-on-loader

«NSParking» жобасы елорда тұрғындары мен қонақтарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында құрылған. Жобаның негізгі мақсаты Нұр-Сұлтан қаласының көлік инфрақұрылымын жаңғырту және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін жақсарту болып табылады.

Біздің компания елорда жолдарындағы кептелістерді жою мақсатында ұсынылған қызметтерге арналған тез және қауіпсіз төлемді қамтамасыз ету үшін тұрақ кеңістігін жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді.

Ақылы тұрақ – бұл қаладағы тапшы көше кеңістігі мәселесін шешудің тиімді жолы.

Ақылы тұрақтардың арқасында өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция сияқты шұғыл қызметтердің шақыруларына келу уақыты қысқарады.

Ақылы автотұрақтар қала тұрғындарын тәртіпке келтіреді және қала аумағында «ретсіз автотұрақты» жояды.

Компанияның миссиясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына жаяу жүргіншілердің, қоғамдық көлік пен автомобильдердің ыңғайлы қозғалысы үшін қалада «ретсіз» тұрақтарсыз жағдай жасау болып табылады.

Біздің Компания алдына келесі міндеттерді қояды:

  • қалада жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыруды үнемі жетілдіру және арттыру;
  • қала көшелерінде кедергісіз қозғалысты қамтамасыз ету;
  • тұрақ ережелерін бұзу санын азайту;
  • қаланың шұғыл қызметтеріне көмек көрсету.

Көрсетілген тұрақ қызметтері үшін төлем жасау үшін Сіз NSParking мобильді қосымшаларын, Kaspi.kz сайтын және QIWI немесе Kassa 24 терминалдарын пайдалана аласыз.

Нұр-Сұлтан қаласының ақылы тұрақ кеңістігінің жобасы мен жұмысы туралы толығырақ ақпаратты 8-7172-47-29-14, 8-775-939-88-93 телефондары және support@forpost.kz электрондық пошта арқылы алуға болады.   

loading
Деректер жүктелуде, күте тұрыңыз...